Президент Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед әл-Шамисиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды inAktau.kz.Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Кездесу екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға, сондай-ақ көлік-логистика саласында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға арналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Abu Dhabi Ports компаниясының бірқатар ірі нысандарды салу жөніндегі жоспарларын құптап, бұл бастамалар Каспий теңізіндегі теңіз және порт инфрақұрылымын дамытудағы Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сәйкес келетінін атап өтті.
Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымы мен транзиттік дәліздерді дамыту елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету және халықаралық сауданы жандандыру үшін зор маңызға ие екенін атап өтті.
Мұхаммед әл-Шамиси Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруда тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Ол сондай-ақ Президентті "Самұрық-Қазына" қорымен және "Қазақстан темір жолы"ұлттық компаниясымен өзара тиімді ынтымақтастық туралы хабардар етті
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед әл-Шамиси бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға сенім білдірді.