Новости

Ақтауда Орталық жолдарда 3685 метр асфальт төселді

Қазақша
Биыл Ақтауда қаланың үш негізгі автожолында 3685 метр асфальт төселді. Бұл туралы қала әкімі Әбілқайыр Байдақов облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен өткен тұрғындармен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Орташа жөндеу шеңберінде жолға қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон (ЩМА) төселеді. Мамандардың пікірінше, бұл материал күрделі жол құрылысы үшін жоғары сапалы болып табылады.
Кәдімгі асфальтбетон қоспаларынан айырмашылығы, қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон құрамында қиыршық тас пен тұрақтандырғыш қоспалардың көп мөлшері бар, бұл оны деформацияға төзімді етеді.
"Ақтау қаласының орталық автомобиль жолының ұзындығы 209 шақырымды құрайды. Биылғы жылы орташа жөндеу аясында қаланың 3685 метр асфальт төселген үш негізгі автожолын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мамандар Жалау Мыңбайұлы ескерткішінен бастап "Каспий жылу, су арнасы" МКК қиылысына дейінгі 5а шағын ауданындағы №12 автомобиль жолын жөндеумен айналысуда, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тұрғындар мен балаларға ыңғайлы болу үшін қалада 6 жаңа жаяу жүргіншілер бағдаршамы пайдалануға берілді. Енді жаяу жүргіншілер арнайы түймені басу арқылы жолды қауіпсіз кесіп өте алады.