Новости

Ақтаудағы барлық мектептерге қоқысты жинау және шығару үшін арнайы техника ұсынылады

Қазақша
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қалалық мектеп басшыларымен кездесу өткізіп, тазалықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кеңеске қала әкімінің орынбасарлары, бейіндік бөлімдердің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік мектептердің директорлары қатысты. Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов әлеуметтік нысандар аумағындағы тазалықты қамтамасыз етуді тапсырды.
"Өткен жылы Ақтауда бес мектептің құрылысы аяқталды, оның үшеуі "жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында, ал екеуі "білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры"арқылы салынды. Барлық білім беру мекемелерінің аумақтарында тазалықты қамтамасыз ету қажет. Мектеп басшылығы қоқыстарды шығаруға, абаттандыруға және аумақтарды тазартуға көмекке мұқтаж. Жауапты бөлімге қажетті техниканы ұсыну кестесін жасауды тапсырамын", - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.